«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіне жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының «Семей» футзал командасы УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіне жолдама алды.

Семейлік клуб аталған турнирдің негізгі кезеңнің үшінші турында Венгрияның «Халадаш» клубымен кездесті.
Әрбір топтан алғашқы үш орынға ие болған командалар элиталық кезеңіне жолдама алатын еді. Алғашқы екі турда ұпай жоғалтпаған португалиялық «Спортинг» пен қазақстандық «Қайрат» екі жолдамаға қол жеткізді.
Бірінші кезеңде «Семей» сапынан Феррао 2, Дедезиньо 8, Шыңғыс Есенаманов 11-минутта мергендік танытса, оған венгриялық командадан бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезеңде қазақстандық команда басымдықты арттыра түсті. Олардың қатарынан Кайо Торрес 36, Родригиньо 37-минутта мергендік танытса, Феррао 38-минутта екінші голының авторы атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын семейлік клуб «Спортингке» 4:6, «Қайратқа» 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
Сондай-ақ бүгін 18:00–де «Спортинг» пен «Қайрат» шеберлік байқасады.