Семей ғимараттарының 90 пайыздан астамы мүгедектер үшін бейімделмеген

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Семей қаласының «Исток» қоғамдық ұйымының еріктілері мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, мүгедек адамдарға қызмет көрсету саласындағы әкімшілік мекемелерге қолжетімділікті зерттеді.
None
None

Сараптамалық жұмыс «Құқықтарды жүзеге асыруға көмектесеміз» жобасын жүзеге асыру аясында «Мүмкіндіктерді күшейту» ұлттық ақпараттық науқанының барысында жүргізілді. Бұл жобаны ЮСАИД-тың қолдауымен Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы жүзеге асыруда. Семейде бұл жұмыспен «Исток» балалар мен жастар шығармашылығының орталығы» ҚҰ айналысады.

«Тексерілген 433 нысаннан 12-сі ғана нормаға сәйкес келеді, 19-ы жарым-жартылай сәйкес, ал 402 нысан мүгедек адамдарға мүлде қолжетімсіз, - деді «Мүмкіндіктерді күшейту» жобасының үйлестірушісі Вера Палицкая.

Осы күні мүгедектігі бар 12827 адам тіркеуде тұр. Яғни бұл адамдардың бәрі дәмханаға немесе кітапханаға, концертке, стадионға немесе көрмеге бару мүмкіндіктерінен шектелген деген сөз. Ондағы пандустардың, бағдаршамдарда дыбыстық сигналдардың, баспалдақтарда тұтқаның, шақыру белгісінің болмауы. Мүгедек адамдардың қорықпастан кіруіне болатын мекемелердің қатарында Қазкоммерцбанк пен Халық банкін, қалалық әкімдік пен тағы бірнеше басқа ғимараттарды ғана атауға болады.

Соңғы жаңалықтар