Семей қаласында жеткілікті тұрақтандыру қоры жасалуда

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әдеттегі азық-түліктің қымбаттауы тұрақтандыру қоры тізіміне енген тауарларға әсер етпейді.
None
None

Бұл туралы кеше журналистермен кездесуде Семей қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Шаған Жұмақсанов пен кәсіпкерлік бөлімінің бастығының орынбасары Мақсат Қайранбаев мәлім етті.

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі күнге жеміс-көкөніс өнімінің қоры 35 950 тоннаны құрайды, бұл қор келесі жылдың мамыр айына дейін жетуі тиіс. Тұрақтандыру қорының әлеуметтік бөлімдерінде картоп, сәбіз, сарымсақ және қызылша бағасы килограмына 50-ден 60 теңгеге дейін болады. Бүгінгі күнде қолжетімді жеміс-көкөніс өнімдерін қаланың 40 сауда орындарынан табуға болады. Кәсіпкерлік бөлімі өкілінің айтуы бойынша, қазіргі күнде қант, күріштің нарықтық бағалары тұрақтандыру қорының бекітілген бағаларынан төмен, сондықтан «Приречное» агрофирмасының арзан көкөністері халықтың сұранысына ие.

Қалада бірінші сұрып ұнының қажетті қоры бар (2 451 тонна). Әлеуметтік ұнның бағасы 51 теңгеден, нанның бағасы 50 теңгеден аспайды.

 «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  мен «Шығыс Самғау» ЖШС қала базарларымен («Жаңа базар», «Мереке») ет өнімдерін өткізу жөнінде келіссөз жүргізуде. Бүгінгі күнде 30 тонна сиыр етін сатып алу жүзеге асырылған, жақын күндері килограмына 1000 теңгеден сатылатын болады.

Баспасөз мәслихаты соңында Мақсат Қайранбаев кәсіпкерлердің тұрақтандыру қоры өнімдерін сатуға қызығушылық танытпайтынын атап өтті. Былтырғы жылы әлеуметтік тауарларды өткізумен айналысқан сауда орындарының 50% ғана ағымдағы маусымда тұрақтандыру қорымен әріптестікті жалғастыруға ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар