Семей мен Шынжаңның Тарбағатай аймағының дәрігерлері ынтымақтастық туралы келісім жасады
СЕМЕЙ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей мен Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі, Тарбағатай аймағының медициналық қызметкерлері серіктестік қарым-қатынастар орнату туралы келісім жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тарбағатай аймағы басшысының орынбасары Рба Тогижижан бастаған дәрігерлер делегациясы Шығыс Қазақстанға шекара ынтымақтастығын нығайту мақсатында келіп отыр. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Ғалия Жуасбаева қонақтарға президенттік «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып жатқан облыстық онкологиялық аурухананың радиологиялық және химия-терапиялық корпустары туралы, ана мен бала денсаулығын қорғау жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы әңгімелеп берді. Диалог барысында дәрігерлер сондай-ақ ауруларды алдын-ала диагностикалау, науқастарды дәрімен қамтамасыз ету, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелерін талқылады. Семей дәрігерлері мен Қытай өкілдері ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға және делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыруға келісті.