«Семей орманы» резерватында бір күнде үш орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — 30 маусымда «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында үш орман өрті тіркелді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті.

«Семей орманы» резерватында бір күнде үш орман өрті тіркелдів
Фото: Видеодан алынған скрин

— Биыл тұтанған өрттерді ормандағы өртті ерте анықтау жүйесі (СРО) арқылы дер кезінде анықтап, жедел әрекет ету нәтижесінде қысқа мерзімде оқшаулап, толық сөндіруге мүмкіндік алдық. Өрттің шығу себебі — найзағай разряды, — делінген хабарламада.

Соңғы күндері резерват аумағында найзағайлы фронттардың өтуіне байланысты орман өрттерінің туындау қаупі сақталып отыр.

— Өрт қауіпті маусымда табиғатта демалу кезінде сақтық шараларын ұмытпаңыз. Орманды қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз. Орманды бірге сақтайық, — деп ескертті комитеттен.

Еске сала кетейік, Абай облысындағы қамыс өрті толықтай сөндірілді.