«Семей орманында» найзағайдан екі өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM – 2 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында екі орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

орман өрті
Фото: ТЖМ

Ведомствоның мәліметінше, өрт ошақтары ормандағы өртті ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілген.

«Өрттің шығу себебі – найзағай разряды. Соңғы күндері резерват аумағында найзағайлы фронттардың өтуіне байланысты орман өрттерінің туындау қаупі сақталуда», – делінген хабарламада.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өрт қауіпті маусымда табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Айта кетейік, кеше «Семей орманы» резерватында бір күнде үш орман өрті тіркелген болатын.