Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семей орманындағы өрт: оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 600-ге жуық адам, 160-тан астам жерүсті техникасы және 7 тікұшақ жұмылдырылды

Семей орманындағы өрт:  оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр
Фото: ТЖМ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Абай облысындағы орман өрті аумағына келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге «Семей орманы» аумағындағы өрттің ең күрделі учаскелерін аралады.

Аумақты шолу барысында жедел жағдай мен өртті сөндіру жұмыстарының барысына бағалау жүргізілді.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру басшысының баяндамасын тыңдап, күштер мен құралдардың орналасуын бағалады. Сондай-ақ құтқарушылар тобының резервін қалыптастыру және жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша қосымша тапсырмалар берді.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 600-ге жуық адам, 160-тан астам жерүсті техникасы және 7 тікұшақ жұмылдырылды. Өртті оқшаулау жұмыстары түнгі уақытта да жалғасып жатыр. 

Айта кетелік Айта кетелік Семей орманындағы өрт 60 гектар аумақты шарпыды. Сонымен қатар «Семей орманы» резерватында өрт шыққан соң лагерьдегі 200-ге жуық бала эвакуацияланды. Премьер-министрдің тапсырмасымен екі министр «Семей орманына» аттанды. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің авиациясы Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды