Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семейде Олимпиада чемпиондарының құрметіне флеш-моб өтті

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Семей қаласының орталық алаңында «Жасыл Ел»  жасағының жауынгерлері Семей қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған спортшылардың құрметіне флеш-моб өткізді.

Семейде Олимпиада чемпиондарының құрметіне флеш-моб өтті

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Белгілі болғандай, Олимпиада-2012 аренасында біздің спортшыларымыз 13 медальды жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар.

200-ден астам студенттер мен қаланың белсенді жастары бес олимпиадалық дөңгелек ретінде тұрып, аспанға сары және көк түсті шарлар ұшырды.

 Флеш-мобтың қатысушылары қала көшелермен өтіп, тұрғындарды қазақстандық спортшылардың Лондондағы тамаша жеңістерімен құттықтады.