Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семейде «Полигонның жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем» деген тақырыпта конференция өтті

СЕМЕЙ.  Қыркүйектің 25-і.  ҚазАқпарат /Лина Славина/ -   Семейде  ядролық  полигон жабылуының  20 жылдығына арналған        ғылым-тәжірибелік  конференция     өтті. 

Семейде «Полигонның  жаңғырығы  және   ядролық қарусыз  әлем»   деген   тақырыпта   конференция  өтті

 «Полигонның  жаңғырығы  және   ядролық қарусыз  әлем»    деген     тақырыпты арқау еткен  бұл шараны   Шығыс Қазақстан     облыстық әкімдігі мен   Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік университеті  ұйымдастырды.

 Ғылыми форумға  Бельгия,  Ресей  және  Қазақстан  елдерінің  ғалымдары  мен   ядроға қарсы қозғалыстардың белсенділері  қатысты.    Конференция  қонақтарының   қатарында Еуропарламент депутаты  Струан Стивенсон,    Қазақстан Республикасы   парламент  Мәжілісінің    депутаты Ержан  Рахметов,   Ұлттық  ядролық орталықтың  өкілдері  және т.б.  болды.

 Конференция  жұмысында  ядролық  сынақтардан зардап шеккен     халықты сауықтыру  шаралары,      бұрынғы полигонның  әсері  тиген аумақтардағы     азық-түлік   шикізаттары мен  тамақ  өнімдеріне санитарлық баға беру,   экологиялық  жағдайдың  мониторингі  және   қоршаған  ортаны  қорғау    мәселелері   талқыланды.

 Қатысушылар  ғылыми форум   аясында  сондай-ақ,   Полковник  аралындағы «Өлімнен  де  күшті»  монументіне гүл шоқтарын  қойды,    «Ядролық қарусыз  әлем   идеясы  және   қазіргі  заманғы жағдайда  оны  жүзеге асыру»     тақырыбында  «дөңгелек  үстел»  отырысын   өткізді,   Семей мұражайында  болды,    Абай ауданына, Курчатов қаласына   экскурсиялар   жасады.