Семейде психотроптық заттарды жеткізуге қатысқан студент 5 жылға сотталды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысында колледж студенті психотроптық заттарды сату ісіне қатысқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

сотталды, қылмыс
Фото: ҚР ІІМ

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 қарашадағы үкімі бойынша Семей қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны, колледждің үшінші курс студенті психотроптық заттарды өткізуге қатысқаны үшін сотталды.

Кәмелетке толмаған жасөспірім «жасырын белгілеушілер» рөлінде бір айдан сәл астам уақыт жұмыс істеген.

— Жасын және істің мән-жайын ескере отырып, сот оған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге тиіс 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Семейде 51 жастағы азаматтан 32 келіден аса есірткі тәркіленген еді

Соңғы жаңалықтар