Семейде «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты халықаралық форумы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 30 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінде «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты халықаралық форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А. Майлыбаев қатысып қатысушыларға Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың үндеуін оқып берді.
None
None

«Бүгінгі іс-шараның қоғамдық келісімнің бірегей институты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында өткізілуінің терең мәні бар. Бейбітшілік, бірлік және тұрақтылық - бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының негізгі принциптері және «2050-Стратегиясының» мақсаттарына қол жеткізудің басты шарты. Осы мәңгілік құндылықтар біздің еліміздің гүлденуінің сенімді тірегі болып табылады. Біздің тарихымыздың қасіретті беттері туралы, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы еске алу біздің халқымыз үшін әрқашан қасиетті және солай болып қала береді» - деп атап өтті өзінің үндеуінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар