Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдегі Шұғаев көшесіндегі ойын-сауық орталығындағы өртті ауыздықтады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды
Фото: видеодан алынған скрин

Өртті толықтай сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Оқиға орнына 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың едені опырылып түскен. Сондай-ақ өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі, қатты түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтіріп отыр. 

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінде сенім телефоны ашылған: 8 (7222) 35-38-36.

Қазіргі кезде төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы өрт сөндіру жедел штабы құрылды. 

Еске салсақ, бұған дейін Щучьедегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам жансақтау бөлімінде көз жұмғанын жазғанбыз.