11:41, 07 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Семейдің 8 ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Семейдің 8 ауылдық округінде төтенше жағдай орын алғанын жариялады.

Осы оқиғаға байланысты мәлім болғанындай, ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, үскірік аяз (-30 градус) 2016 жылдың қараша-желтоқсанында малдарды өріске алып шығу қиынға соққан.
Осыған байланысты Семей қаласы әкімінің Өкімімен қаланың Абралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Жазық, Жиеналы, Знаменский, Қараөлең, Таңат ауылдық округтерінің аймақтарында жергілікті деңгейде, табиғи техногендік бағытта төтенше жағдай жарияланды.