Семейге үш күнде бір айлық жауын жауды

СЕМЕЙ. KAZINFORM –  Семейде үш күндік жауын-шашын мөлшері бір айлық нормадан асты. Толассыз жауған нөсер салдарынан көшелер мен аулаларды су басып, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды. Әлеуметтік желілерде шағымданған халық бұл жағдайға наразы екенін білдіріп жатыр. 

Семейге үш күнде бір айлық жауын жауын жауды
Фото: Видеодан алынған скрин

— Глинки көшесінде жолды су басып кетті. Бір күн ғана жаңбыр жауса, түсінуге болар еді. Ал үш күн бойы коммуналдық қызметтердің еш әрекет етпеуі — түсініксіз. Бұл мәселе жыл сайын қайталанады. Жаяу жүргіншіге де, көлікке де жол жоқ. Қозғалыс мүлде қиындап кетті, — дейді желі қолданушыларының бірі.

Жергілікті әкімдік болса мердігер ұйымдар қала көшелерінен жаңбыр суын сорып шығарып жатқанын айтады. Қазір жедел жұмыстарға қала бойынша тек 10 техника тартылған.

— Жұмыс тек қаланың орталығында ғана емес, шет аймақтарында да жүргізіліп жатыр. Жұмыс әлі де жүріп жатыр. Тұрғындардың арыз-шағымы келіп түскен жағдайда жедел түрде мамандар барып, көмек көрсетіп жатыр — дейді әкімдік.

Жауын-шашынның әсері тек қала көшелерімен шектелмей, білім беру мекемелеріне де кері әсерін тигізіп отыр. Водный ықшам ауданындағы № 34 мектептің шатырынан жаңбыр суы өтіп, сыныптарға ағып жатыр.

Жергілікті білім бөлімі болса, мектепке күрделі жөндеу жұмыстары керектігін айтады. Оған қажетті қаражат әлі бекітілмеген. Ал, оқушылар болса уақытша екінші ауысымға ауыстырылған.

— 2024 жылдың қыркүйегінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан оң қорытынды алынған. Білім бөлімі 2025 жылға қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берген. Алайда қажетті қаржы әзірге бекітілген жоқ. Шатырдан аққан су үш кабинет, дәліз және спортзалдың қабырғаларын бүлдірген. Мектеп әкімшілігі шатырды уақытша бекіту шараларын қабылдады. Аталған кабинеттердегі оқушылар екінші ауысымға ауыстырылып, мектептің басқа бөлмелерінде білім алып жатыр, — дейді жергілікті білім бөлімі. 

Айта кетелік Семейде балаларды зорлаған студент өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді

                                                                                                                                                                                                                                                         Айдана Қайрат 

Соңғы жаңалықтар