Семейлік бойжеткен халықаралық сән және дарын байқауын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейлік Данара Бекмұрзаева Young Miss World Beauty 2017 байқауын жеңіп алды. Ауқымды шара Мәскеуде танымал кутурье Пьер Карденнің жетекшілігімен өтті. Мәскеудің үлкен концерт залында 20-дан астам мемлекеттен ең әсем, ең дарынды жастары жиналды, деп хабарлайды altaynews.kz.
None
None

«World Beauty 2017» мемлекеттер мен әлем халықтарының әсемдік, сән, дарындар байқауларының финалы болып табылады. Әділқазылар алқасының құрамына Ресей мен өзге де шет мемлекеттердің өнер, сән, эстрада мен шоу-бизнес қайраткерлері кірді. Олар қазақстандық арудың көркінің ашықтығы мен табиғи сұлулығын жақсы бағалады. Мен Данараның еліміздің атынан лайықты өнер көрсеткеніне разымын»,-деді жеңімпаз арудың тәлімгері, Семей сән мектебінің директоры Айна Тоғысова.

«Бәрі де жоғары деңгейде өтті»,-деп өзінің байқаудан алған әсерлерімен бөлісті Данара Бекмұрзаева.

«Мен барлық үміткерлермен достасып үлгердім. Мен үшін бұл байқаудың маңызы зор және мен өзімнің осыған дейінгі жеңістерімнің кездейсоқ емес екенін дәлелдей алдым. Байқау жеңімпаздары Пьер Карденнің өнер фестивалі мен өзге де халықаралық жобаларға шақырту алды. Байқау жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар мен әйгілі әшекейлер үйінің қолдан жасалған тәжін сыйға тартты».

Соңғы жаңалықтар