Семсерлесуден ерлер құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды
АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы сайысынан ерлер арасындағы командалық жүлдегерлері анықталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертайдан құралған Қазақстан құрамасы 1/16 финалға шығу үшін, Финляндия құрамасына қарсы сынға түсті.
Отандастарымыз кездесу барысында қарсыластарын 45:39 есебімен сенімді түрде жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.
Енді Қазақстан құрамасы келесі кезеңде Өзбекстан құрамасымен кездеседі.
Осыған жейін қазақстандық жас теннисшілердің Астана турнирін сәтті бастағаны туралы жаздық.