Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семсерлесуші аруларымыз әлем чемпионатындағы жекелей жарысты аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сапы сайысының плей-офф кезеңі өтті. 

Семсерлесуші аруларымыз әлем чемпионатындағы жекелей жарысты аяқтады
Фото: ҰОК

Үздік 32 спортшының қатарына ену үшін Қазақстан атынан Азияның қазіргі чемпионы Ирина Бакалдина мен София Николайчук бақ сынады.

Бакалдина тартысты өткен кездесуде украиналық Эмили Конрадқа небәрі бір ұпай айырмасымен 14:15 есебімен жол берді. Ал Николайчук канадалық Джулия Иньмен кездесіп, 10:15 есебімен есе жіберді.

Ертең жекелей сындағы медаль үшін күресті Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, сондай-ақ қылыш сайысынан Карина Доспай, Айгерім Сарыбай және Анастасия Гулик жалғастырады.

Айта кетелік Артем Матусевич академиялық ескек есуден U23 әлем чемпионатының финалына шыққан еді