Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Семсерлесуші Кирилл Проходов әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында ерлер арасындағы сапы сайысында жүлделер үшін тартыс жалғасып жатыр. 

Семсерлесуші Кирилл Проходов әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Үздік 16 спортшының қатарына өту үшін Қазақстан құрамасының екі өкілі – Руслан Құрбанов пен Кирилл Проходов сынға түсті.

Кирилл Проходов тартысты өткен кездесуде Дания өкілі Конрад Констадты 15:9 есебімен жеңді.

Руслан Құрбанов 1/16 финалда Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарының командалық сайыстан чемпионы, Әлем кубогының бірнеше дүркін жүлдегері жапониялық Риу Мацумотоға қарсылас атанды. Өкінішке қарай, Құрбанов қосымша минутта небәрі бір ғана соққы айырмасымен 9:10 есебімен есе жіберді.

Қазақстан уақытымен сағат 12:05-те Кирилл Проходов әлем чемпионатының үздік сегіз спортшысының қатарына жолдама алу үшін бақ сынайды. 

Айта кетелік Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енген еді