09:07, 04 Қазан 2024 | GMT +5
Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтады
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтағанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды», — делінген Ақорда жариялаған құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат мопедтерді тіркеу мен көлік жылдамдығын бақылауға арналған заңды мақұлдағанын жазғанбыз.