Сенат депутаттары «АЛЖИР» мемориалдық мұражай кешенінде болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Сенат депутаттары «АЛЖИР» мемориалдық мұражай кешенінде болып, «Естелік қабырғасына» гүл шоқтарын қойды.

Сенат депутаттары «АЛЖИР» мемориалдық мұражай кешенінде болды

Айта кетейік, Ақмола маңында орналасқан «Алжир» мемориалдық кешені - 1937 жылдары қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай. Бұл жерде қуғыншылыққа ұшыраған азаматтардың әйелдері тұтқынға ұсталған лагерь орналасқан болатын.