13:08, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Сенат депутаты «Антиконтрафакт-2012» І Халықаралық форумына қатысуда
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты Жұмабек Төрегелдинов Мәскеуде бүгін ашылған «Антиконтрафакт-2012» І Халықаралық форумына қатысуда.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды,
Күн тәртібіне санаткерлік меншік құқығын қорғау, заңсыз және көшірілген өнім өндірісіне және оның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері еніп отыр.
Форумда заң шығару практикасын, сот үдерістері мен құқық қолдану әрекетін жетілдіруге, сондай-ақ санаткерлік құқықтарды құрметтеуді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Одан басқа, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың мәселелері қаралады.