Сенат депутаты шалғайдағы аудан тұрғындарымен кездесті

ОРАЛ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев Қазталов ауданының активімен кездесті.
None
None

Кездесуде сенатор осы кезеңде 126 заң қабылданғанын айта келіп, еліміздегі білім сапасын көтеру, басқа да салаларды дамыту, Кедендік одақтың пайдалы жақтары мен кейбір айқындалмай тұрған мәселелеріне де тоқталды. Сондай-ақ, депутат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайынан да хабардар етті.

Кездесуде сөз алғандар шекара, Ресейден өзендерге келетін су, тұрғын үй, дін және басқа да мәселелер жөнінде сауалдар қойып, оған тиісті жауаптар алды.

Сенат депутатымен болған кездесу жиынын қорытындылаған аудан әкімі Рыспай Өтешев халық қалаулысының жоғары палатада атқарып жүрген жұмысына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар