Сенат еңбек мигранттарының елімізде болу тәртібін реттейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
None
None

Заң жобасы еңбекші көшіп келушілерді заңдастыруға және көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған. Құжаттың басты мақсаты еңбек иммигранттарын заңдастыру, көші-қон үдерісіндегі мемлекеттік реттеу мәселелерін жетілдіру болып табылады. Атап айтқанда, жеке тұлғаларда жұмыс істеу үшін еңбек мигранттарына рұқсат беру тәртібі айқындалады.

Заң жобасымен еңбекші көшіп келушілерге жеке табыс салығын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде төлем жасауын енгізу мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ, егерде, еңбекші көшіп-қонушы жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы сомасының алдын ала төлемінен асып кеткен жағдайда салық комитетіне жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыруы қарастырылған. Сонымен қатар, уәкілетті орган еңбекші көшіп-қонушы ретінде бекіткен мерзім мен сипаты бойынша рұқсат берілген салық төлеушінің тұрағы туралы мәліметтерді салық қызметтері органдарына беруге ішкі істер органдары міндеттеліп отыр.

Түйіндей айтсақ, құжатқа енгізілген өзгерістердің арқасында елімізге келіп, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер заңдастырылады, олардың елде болуын бақылаудың тиімділігі артады. Сондай-ақ, кез келген қазақстандық жеке тұлға үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беріледі. Еңбек мигранттарына енгізілетін салықтың арқасында бюджетке түсетін түсім ұлғаяды.

Заң жобасы екінші оқылымда қарау үшін әзірлеуге жолданды.

Соңғы жаңалықтар