15:25, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Сенат комитетінде сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыруы жөніндегі ережені бекіту туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Заң жобасының мақсаты шекаралық және өзге де ведомстволардың сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда оны реттеуге (жоюға) көмек көрсету, шекарадағы тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз ету және шекаралық аймақтарда ынтымақтастыққа серпін беру, сондай-ақ мемлекеттік шекара тәртібін ұстап тұру барысында қатысушы Тараптардың өзара іс-қимылын жүзеге асыру үшін құқықтық негіз қалыптастыру болып табылады.
Хаттамаға сәйкес дағдарысты жағдайды реттеу (жою) жөніндегі міндеттерді орындау мақсатындағы топ құрамдарына қосу үшін әр Тарап құрылымдарды алдын ала белгілейді.Сыртқы шекаралардағы жағдай туралы ақпаратты талдауды Шекара әскерлері қолбасшылары Кеңесінің Үйлестіру қызметі жүзеге асырады және әзірленген материалдар Тараптардың шекара мекемелері басшыларына жіберіледі.Дағдарыс жағдайын оқшаулау, жою және тұрақтандыруға бағытталған келісілген, кейінге қалдыруға болмайтын, ұйымдастыру және іс жүзіндегі шаралар кешені орындалғанда дағдарысты реттеу (жою) жөніндегі шаралар аяқталды деп саналады.Даулы мәселелерді шешу үшін келісім комиссиясы құрылады және оның құрамына әр Тараптың және топ басшыларының өкілдері тағайындалады.Келісу комиссиясы Тараптар белгілеген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді.Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.