Сенат комитетінің отырысында ЕурАзЭҚ Сотының Статутына өзгерістер енгізілген хаттама мақұлданды

ҚР Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, ЕурАзЭҚ Соты бүгінде жұмыс істеуде, сондай-ақ Соттың Статутына өзгерістер енгізіледі.
Оның сөзіне қарағанда, енді Хаттамаға сәйкес Кеден одағы комиссиясының шешімдеріне келіспесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің ЕурАзЭҚ Сотына жүгінуі көзделеді.
Айта кетейік, 2 мамырда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында аталған заң жобасы мақұлданған болатын. «ЕурАзЭҚ Сотының судьялары қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясымен тағайындалып, босатылатын болады. Бұған кандидаттарды мемлекеттер басшылары деңгейіндегі Кеңес ұсынады. Бүгінгі күні ЕурАзЭҚ Сотының құрамы Қырғыз Республикасын қоспағанда толығымен жасақталды деп айтуға болады. Қазақстан тарапынан бұған ҚР Жоғарғы Сотының судьялары болып табылатын М.Әлімбеков пен Ж. Байышев тағайындалған», - деді Мәжілісте заң жобасы бойынша баяндаған Әділет министрі Берік Имашев.