Сенат Спикері Павлодар мен Алматыға барады

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми 10 қаңтарда жұмыс бабындағы сапармен Павлодар қаласында болады. Сапар барысында Қ.Мәми Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру бойынша Павлодар облысының өкілді және атқарушы билік активімен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сенат Спикері Павлодар мен Алматыға барады

Сонымен қатар, 14 қаңтарда Сенат Спикері Алматыда болып, қала активімен кездесуді жоспарлайды. Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін талқылау көзделуде.