Сенат Төрағасы «Атлантикалық кеңес» басшысымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлантикалық кеңес» президенті Фредерик Кемпті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қасым-Жомарт Тоқаев ықпалды америкалық аналитикалық орталықтың басшысымен әңгіме барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Сенат спикері Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен Астананың арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ядролық қауіпсіздік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, терроризмге қарсы күрес, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер деп санайтынын жеткізді.

Тараптар Орталық Азиядағы халықаралық жағдайды және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін де талқылады.

Соңғы жаңалықтар