Сенат Төрағасы ЕҚЫҰ ПА канадалық делегациясының басшысын қабылдады
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Канада сенаторы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы канадалық делегацияның басшысы Консилио Ди Ниноны қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуын оң бағалады.Сондай-ақ парламентаралық, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы байланыстарды одан әрі белсенділендіру мәселелері талқыланды.
Әлемдік қаржы дағдарысы зардаптарын еңсеру жөніндегі Қазақстан мен Канада үкіметтері қабылдаған шаралар туралы жан-жақты пікір алмасылды.