Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сенат төрағасы Испанияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберт Антон Кортесті қабылдады

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми біздің елімізде дипломатиялық миссиясын аяқтаған Испанияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберт Антон Кортесті қабылдады.

Сенат төрағасы Испанияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберт Антон Кортесті қабылдады

Кездесу барысында Қ.Мәми елші ретіндегі жемісті қызметі үшін А.Кортеске алғыс айтып, оның «Қазақстан мен Испанияның екіжақты қатыныстарын нығайтудағы қомақты үлесін» атап өтті.

Сенат төрағасының айтуынша, «дипломатиялық қатынастар орнаған 20 жылда біздің елдеріміз арасында көпжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара тиімді байланыстар қалыптасты».

Мемлекетаралық қатынастарды дамытуда парламентаралық үнқатысудың маңызды екенін атап өте келіп, Қ.Мәми Қазақстан мен Испанияның парламенттерінде қызмет ететін ынтымақтастық топтарының арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі белсенділендіру жайында айтты.

«Қазақстандық депутаттар испан әріптестерімен екіжақты тұрғыда да, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында да қатынастарды нығайтуға әзір», - деп атап өтті Қ.Мәми.

Өз кезегінде испан дипломаты елдер арасындағы қатынастардың даму қарқынын атап өтіп, оған «Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Испания Королі Хуан Карлос арасындағы достық және сенімді қатынастар» бірінші кезекте ықпал еткенін айтты.