Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Киммо Килюненмен кездесті
nbsp; АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Парламентінің депутаты, ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Киммо Килюненмен кездесті,
деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесудегі әңгіме барысында Қырғызстандағы жағдай туралы пікір алмасылды. Осы елдегі алдағы 10 қазандағы парламенттік сайлау да ескерілді.
К.Килюнен ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі Қазақстанның қызметін жоғары бағалады және парламентаралық үнқатысуды одан әрі нығайтуды, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара сындарлы іс-қимылды жақтайтыны туралы айтты.