Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Индонезия Республикасы Конституциялық сотының Төрағасы Мохаммад Махфудты қабылдады
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Индонезия Республикасы Конституциялық сотының Төрағасы Мохаммад Махфудты қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан-Индонезия екіжақты қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Төраға сондай-ақ екі мемлекеттің құқықтық саладағы ынтымақтастығын нығайту үшін осы сапардың маңыздылығын атап өтті.
«Индонезия Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы маңызды әріптесі болып табылады»,-деді Қ.Мәми.
Қ.Мәми айтқандай, «қазіргі кезде Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі күшті заңнамалық базалардың бірін иеленіп отыр».
Жоғары өкілді билік институтын нығайту мәселелері бойынша кездесуде тұтастай пікір алмасылды.
Мемлекетаралық, оның ішінде құқықтық саладағы қатынастардың барлық салалары бойынша ынтымақтастықтың қажеттігіне М.Махфуд қолдау білдірді.
Кездесуге Сенат депутаттары И.Әміров пен Н.Жолдасбаева қатысты.