Сенат төрағасы Қайрат Мәми ресми сапар аясында Анкара қаласының мэрі Мэлих Гокчекпен кездесті

АНКАРА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Кеше қарашаның 28-і күні Сенат төрағасы Қайрат Мәми ресми сапар аясында Анкара қаласының мэрі Мэлих Гокчекпен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Сенат төрағасы Анкара мэріне жылы қабылдап, қонақжайлылық танытқаны үшін алғысын білдірді.«Мемлекеттеріміздің қалалары мен өңірлерінің арасында бауырластық байланыстарды орнату халықтарымызды жақындастыратын сан қырлы ынтымақтастығымыздың маңызды бағыттарының бірі. Сіздің биылғы маусымдағы Қазақстанға сапарыңыз Астана мен Анкараның өзара ықпалдастығын нығайтуға тың серпін бергенін атап өткім келеді», - деді Қ.Мәми..

Сондай-ақ Қ.Мәми Елбасы Н.Назарбаевқа орнатылған ескерткіш Түркияда шет мемлекеттiң басшысына орнатылған тұңғыш ескерткiш екенін және оның Анкараның орталығында орын алуы қазақ халқында үлкен мақтаныш пен ерекше ризашылық сезімін тудыратындығын атап көрсетті.

Өз кезегінде Анкара мэрі де Қазақстан тарапын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше құрмет тұтатындығын айтты.Тараптар сонымен қатар екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған кең ауқымды мәселелерді сөз етіп, олар бойынша өзара пікір алмасты. Сондай-ақ Анкара мэрі қазақстандық делегация өкілдеріне естелік сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар