Сенат төрағасы Қайрат Мәми ресми сапармен Түркияға келді

КАРА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Кеше Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми ресми сапамен Түркияға келді.
None
None

Анкара әуежайында Сенат төрағасын Түркия Парламенті төрағасының орынбасары мен Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев күтіп алды. Ресми сапардың бағдарламасы бойынша құрамында бір топ Парлмент депутаттары бар Сенат төрағасы Қ.Мәми бастаған делегация Ататүрк мавзолейіне барып, гүл шоқтарын қояды. Одан әрі делегация өкілдері Түркияда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап қойылған ескерткіште болады.

Сонымен қатар бағдарлама бойынша Қ.Мәми мырза Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Дж. Чичекпен шағын құрамда кездесу өткізеді. Сондай-ақ қазақстандық делегация Түркия Парламентінің ғимараты мен Парламент мұражайында болады.

Бұған қоса бағдарламада Сенат төрағасының Анкара мэрімен кездесуі жоспарланған. Осы күні төрағамен арнайы келген қазақстандық көркемөнерпаздар ұжымы Түркияның Генчлик саябағында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап, концерт қояды. Сапар аясында қазақстандық делегация Түркияның Невшехир қаласында болып, осы қаланың көрікті жерлерін аралайды. Сапар соңында Сенат төрағасы Түркия Президенті Абдулла Гүлмен кездеседі деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар