14:14, 26 Қараша 2011 | GMT +5
Сенат төрағасы Қайрат Мәми Түркияға ресми сапарлайды
АСТАНА. 26 қараша. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми 27-30 қараша күндері ресми сапармен Түркия Республикасына барады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.

Сапар аясында Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Түркия президенті А.Гүлмен, Ұлы ұлттық жиналысының басшысы Дж.Чичекпен, Анкара қаласының мэрі М.Гокчекпен, Невшехир провинциясының губернаторы А.Савашпен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Сонымен қатар сапар барысында Қ.Мәми ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай еліміздің Түркиядағы елшілігі ұйымдастырып отырған салтанатты шараларға қатысып, Анкарадағы Елбасы Н.Назарбаевтың ескерткішіне барады. Невшехир провинциясы университетінің оқытушылар құрамымен, студенттермен кездеседі.