Сенат Төрағасы Митрополиті Александрмен кездесті

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

"Әңгіме барысында дінаралық үнқатысу мен өзара ынтымақтастықты ілгерілету туралы сөз болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының қорытындылары талқыланды. Съездер арасындағы кезеңдердегі үнқатысуды нығайту, келісім және өзара түсіністікті тереңдету жөніндегі идеялар мен жобаларды енгізу қажеттігі де айтылды", - делінген бапасөз хабарламасында.

Съезд Хатшылығының Басшысы ретінде Қ. Мәми православ діни қайраткерлеріне қоғамдағы толеранттықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы белсенді қызметі үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Митрополит Александр барша мұсылмандарды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар