Сенат Төрағасы Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Мезенцовпен кездесті
АСТАНА. Наурыздың 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Федералды Жиналысының Федерация кеңесі Төрағасының орынбасары Дмитрий Мезенцовпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін біздің кездесуіміз түсіністік жағдайында өтті. Жүздесуде біз Сенат Төрағасымен Қазақстан мен Ресейдің және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің парламентаралық байланыс мәселелерін сөз еттік. Сонымен қатар біз ағымдағы жылдың мамыр айының 15-інде Санкт-Петерборда ШЫҰ-на мүше елдердің Парламент өкілдерінің басын қосуды жоспарлап отырмыз. Кездесу барысында бұл мәселелер де әңгімемізге арқау болды. Осы орайда айта кетейін, қазақстандық өкілдермен біздің кездесулеріміз Мәскеуде болсын Астанада болсын, бір-бірімізге деген ізгі ниет пен түсіністік жағдайында өтеді» - деді Ресей өкілі.Оның сөзіне қарағанда, Сенат Төрағасы Санкт-Петерборда болатын кездесуге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізген. Біз олардың барлығын қабылдаймыз. Меніңше алдағы кездесу өте қызықты, мазмұнды да мәнді болады деген ойдамын. Және бұл кездесу тек ШЫҰ-на мүше елдерді ғана емес өзгелердің де назарын аударып отырған сияқты»,- деді мәртебелі мейман. Оның айтуынша Сенат Төрағасы жасаған ұсыныстардың басым бөлігі лаңкестікпен және трансшекаралық қылмыспен күрестегі заңдарды үйлестіру болып отыр. «Бұл орайда біз заңсыз көші-қонды мүлдем болдырмау немесе оны мүмкіндігінше кеміту жағын қарастырудамыз. Сонымен қатар біз Қазақстан басшысының елде дағдарысқа қарсы ұтымды шаралар қолданып отырғандығын да білеміз. Өзгелерге үлгі боларлық мұндай шаралар бізде де бар. Сондықтан алдағы уақытта осы мәселелер бойынша өзара тәжірибе алмасып, ортақ келісімге қол жеткіземіз деген ойдамын» - деді Д.Мезенцов.