18:54, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Сенат төрағасы ресми сапар аясында Анкарадағы Мұстафа Кемал Ататүрік мавзолейінде болды
АНКАРА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сенат төрағасы Қайрат Мәми Түркияға ресми сапарының аясында, Түркия Республикасының негізін қалаушысы және тұңғыш Президенті - ұлы Мұстафа Кемал Ататүріктің мавзолейінде болып, гүл дестесін қойды.

Онда қазақстандық делегация өкілдері болашақта Қазақстан мен Түркия арасындағы жалғасын тауып келе жатқан стратегиялық әріптестік ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға күш салынатындығын айтты.
Осы шара аясында Сенат төрағасы мавзолейде орналасқан ескерткіш тақтаға естелік жазып қалдырды.