Сенат Төрағасы «Рухани мәдениет - әлемді жаңартудың кілті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларды құттықтады

ТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенат Төрағасы Қайрат Мәми елордада өтіп жатқан «Рухани мәдениет - әлемді жаңартудың кілті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға құттықтау жолдады.

Сенат Төрағасы «Рухани мәдениет - әлемді жаңартудың кілті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларды құттықтады

Құттықтауды Сенат Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев оқыды. «Мәдениет, өнер, ғылым және дін өкілдерінің Астанада басқосуы дәстүрлі игілікке айналып келеді. Біз бәріміз діни көзқарас, ұлттық ерекшеліктеріміз бойынша әртүрліміз. Алайда біздің барлығымыз да достық пен бір-біріміздің көзқарастарымызға сыйластықпен қарауға және ынтымақтастықта еңбек етуге мүдделіміз. Өркениетте экономикалық саяси және әлеуметтік мүдделерден басқа мәдениет деген ұғым бар. Қоғам өкілдерінің мәдени деңгейі сол қоғамның қаншалықты дамығандығының көрсеткіші. Бүгінгі жиынның өзге емес, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өтетін орында ұйымдастырылып отырғаны да қуанышты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай бастамаларының халықаралық деңгейде қолдау табуының арқасында бүгінгідей съездер өркениеттер арасындағы диалог алаңына айналды. Осы жиындар барысында бір ғана мәселе негізге алынады. Ол өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізіндегі бейбіт әлем қалыптастыру»,-делінген құттықтауда.

Конференция барысында Мұхамбет Көпей мәдениеттің бүкіл адамзаттың өмірінде баға жетпес дүние екендігін атап көрсетті. «Рухани мәдениет мәңгілік құндылық. Ол сондай-ақ мемлекетіміздің айрықша назарда ұстайтын қастерлі нысанасы. Осы себепті осы маңызды шараны елордамызда өткізіп отырған ұйымдастырушыларға зор алғыс»,-деді М.Көпеев.