Сенат Төрағасының орынбасары Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясы парламентшілер одағының төрағасымен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясы парламентшілер одағының төрағасы Хван Джин Хамен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында сенім мен қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша бағыттары үйлесімімен сипатталатын Қазақстан-Корея қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.М.Көпеев азиялық құрлықтағы саяси партиялармен ынтымақтастықты жақтайтыны туралы айта келіп, партия және мемлекет құрылысы салаларында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. «Осы аймақтағы елдердің парламенттік ұйымдары деңгейінде өзара іс-қимыл халықтар арасындағы өзара түсіністікті, Азиядағы бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге ықпал етеді», - деп атап өтті төраға орынбасары.Х.Джин Ха өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы көшбасшылық рөлі туралы айта келіп, біздің еліміздің сыртқы саясаттағы бастамаларына жоғары баға берді.Оның айтуынша, партиялық қатынастар саласындағы ынтымақтастық, Азиялық саяси партиялар конференциясы аясында парламентаралық байланыстарды дамыту халықтар арасындағы өзара сыйластық пен достықты нығайтуға оң әсер етеді.Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясы ? азиялық 45 елден 245 партия кіретін әлемдегі ең ірі бірлестік болып табылады. Бұл конференцияның негізгі мақсаты құрлықтағы өзара түсіністік пен сенімге, партиялық өзара іс-қимыл арқылы аймақтық ынтымақтастықты ілгерілетуге оң ықпал ететін азиялық елдердің саяси партиялары арасында пікір алмасу болып табылады.Кездесуге депутаттар Қуаныш Сұлтанов пен Анатолий Башмаков қатысты.
Соңғы жаңалықтар