Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сенат және Мәжіліс депутаттары БҚО аудандарында кездесулер өткізуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мен жүзеге асыру мәселелері бойынша елге келген Сенат депутаттары Рашит Ахметов, Ерболат Мұқаев, Мәжіліс депутаты Кеңес Әбсатыров облыс аудандарында тұрғындармен кездесулер өткізуде.

Сенат және Мәжіліс депутаттары БҚО аудандарында кездесулер өткізуде

Кеше халық қалаулылары Теректі ауданы активімен жүздесіп, «100 нақты қадамға», соған сәйкес елімізде атқарылып отырған жұмыстардан хабардар етіп, тұрғындар сауалдарына жауап берді. Ұлт жоспарына сәйкес Елбасы алға қойған мақсат-міндеттердің маңыздылығын, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру мен экономикалық  өсімге қол жеткізу, ел бірлігін нығайту мәселелерін халықпен бірлесіп жүзеге асыру қажеттілігін атап көрсетті. Сондай-ақ өңір жолдарының жай-күйі, кәсіпкерлікті дамыту, дін мен жер мәселелері әңгіме арқауына айналды.

Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев та Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған ауыл-аймақтағы жоба-жоспарларға тоқталып, республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне алғысын білдірді.

Сенатор Ерболат Мұқаевтың атап өткеніндей, Елбасымыздың бастауымен Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда көптеген табыстарға қол жеткізді. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануы да дүние жүзіндегі беделінің өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Ендігі міндет - елдің береке-бірлігін еселей отырып, әр саладағы жетістіктерді баянды ету.

Депутаттар бүгін Қазталов ауданы активімен кездесіп, онда да «100 нақты қадамға» байланысты ой-толғамдарымен бөлісті. Осындай жүздесулер Жәнібек, Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарында да болмақшы. Тұрғындардың нақты ұсыныс-пікірлері депутаттардың алдағы жұмыс барысында ескерілетін болады. 

null