Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сотының судьясы лауазымынан босатылды. 

Сара Азымбекқызы
Фото: sud.gov.kz

Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.

— Сенаттың қарауына Сара Азымбекқызы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Судья зейнеткерлік жасқа толды және 28 жыл судьялық еңбек тәжірибесі бар, — деді Дмитрий Малахов.

Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.

Сара Азымбекқызы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (заңгер) тәмамдаған.

Еңбек жолы: адвокат тағылымгері, Семей облысы адвокаттар алқасының адвокаты (1983-1992), Семей облыстық төрелік соты судьясының мәіндеттерін атқарушы, судьясы (1997-1998), Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы (1997-1998), Семей қалалық сотының судьясы (1998-2001), Астана қаласы ұйымдастыру-талдау басқармасының бастығы (2001-2005), ҚР Жоғарғы сотының ұйымдастыру-талдау бөлімінің меңгерушісі (2005-2006), Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрайымы (2006-2009), Астана қаласындағы Есіл аудандық сотының төрайымы (2009-2012), Астана қаласындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы (2012-2014), Астана қалалық сотының судьясы (2014-2015). 

Соңғы жаңалықтар