Сенатор Қуаныш Айтаханов ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды
Қ.Айтаханов - ТМД ПАА экономика және қаржы тұрақты комиссиясының мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің хатшысы. Қазақстандық делегация құрамында сенатор Санкт-Петерборда желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында өткен парламенттік шараларға қатысты.
Құрмет грамотасында оның Парламентаралық Ассамблеяның және оның органдарының қызметіне белсене қатысқаны, Достастық мемлекеттері халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі атап көрсетілген.
Сенатор Қ.Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысының атқарушы билік құрылымдарында басшылық қызметтерде болды, 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы бар. Ол Еңбек, Экология кодекстерін, «Мақта саласын дамыту туыралы» Заңды және басқа да маңызды қазақстандық заң жобаларын жасауға белсене араласып келеді.