Сенатор Қуаныш Сұлтановтың Ослодағы Бейбітшілік және адам құқығы орталығы президентінің кеңесшісі Альф Хансен Огемен кездесті

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановтың Ослодағы Бейбітшілік және адам құқығы орталығы президентінің кеңесшісі Альф Хансен Огемен кездесуінде Қазақстан мен осы ұйымның ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
None
None

Кездесу барысында Қ.Сұлтанов Орталық жұмысының халықаралық деңгейдегі толеранттық қағидаларын одан әрі ілгерілету және сенім және ынтымақтастық тұрғысындағы үнқатысуды нығайту жайында ойларын ортаға салды.

Комитет басшысы адам құқын қорғау, оның ішінде діни сенім бостандығы саласындағы мемлекеттік саясат бағыттарының басымдықтары туралы хабардар етті.

«Біз тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап оларды негізгі құндылықтар деп жарияладық және оны халықаралық стандарттарға сәйкес орнықтыру үшін мемлекет шаралар қабылдап отыр», - деді Қ.Сұлтанов.

А.Х.Оге толеранттық пен дінаралық диалогты дамытудағы Қазақстанның қомақты үлесін атап өте келіп, адам құқын нығайту, қорғау және қолдау жөніндегі бірлескен жұмыстарды жалғастыруға Орталықтың әзірлігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар