Сенаторлар Батыс Қазақстан тұрғындарымен кездесті

ОРАЛ. 31 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Рашит Ахметов пен Ерболат Мұқаев Ақжайық ауданында болып, халықпен кездесті.
None
None

Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасын іске асырудағы «Нұр Отан» партиясының алдында тұрған міндеттерді баяндады.

Бұдан бұрын да осы өңірде жиі бо­лып жүрген сенаторлар өзде­рінің көкейкесті ойларын ортаға салды. Р.Ахметов Кедендік одаққа мүше елдердің міндеттері, бөлінген қаржының игерілуі, еліміздің одақтағы беделі және оның болашағы туралы кеңінен әңгімеледі.

Ал Е.Мұқаев еліміздегі ЖОО-ның көбеюіне сәйкес ғалым-док­торлар санының өсуін, демек, оларға қойылар талаптың жоғары болуы қажеттілігін, Ресей, Беларусь, Қазақстан арасындағы кедендік байланыс, ауыл шаруашылығы үшін табиғи судың маңыздылығы, соған сай өңірді суландыру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесуде кейбір шешімін та­буға тиіс жайлар да сөз болды.

Аудандық мәслихат хатшы­сы Дәулетжан Жақсыбаев Мемле­кеттік тілдің қолданылу аясына сай алаңдаушылық танытты. Әділет басқармасына жіберілетін құжаттардың екі тілдегі нұсқасы талап етілетінін айтып, мұндай жағдайда мемлекеттік тілдің маңыздылығы жойылмай ма деген сұрақ қойды.

«Жайықтың сол жағала­уын­дағы «Азынабай-Тайпақ» суландыру жүйесін қалпына келтіру шаралары алынып, су жіберілсе, бұл қырда, шөбі шүйгін жерде мыңдаған түлік өсірудің бірден-бір кепілі. Әрине, қымбат­қа түсетін, жөндеуді қажет ететін бұл су жолының өңір үшін маңыздылығы орасан. Азық-түлік қауіпсіздігін ойластырудың да мүмкіншілігі осында болса керек. Қазір сусыз жерден кетіп, Жа­йық жағасына жақындаған мал тұяғы орманды алқапқа да қолайлы болып тұрған жоқ. Суландыру жүйесі қалпына келтірілсе, Жайықты экологиялық жағынан сақтаудың да шаралары алынар еді», - деді аудан әкімі Нариман Төреғалиев кезде­су қорытындысында, асыл тұқымды мал өсіру үшін табиғи су көзін молайту жолдарына тоқталып.

Соңғы жаңалықтар