Сенаторлар Чехияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Чехия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бедржих Копецкимен кездесті.
None
None

Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Чехия Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерінің ішіндегі маңызды әріптестерінің бірі болып саналады. Дипломатиялық қатынастар орнаған 20 жылда барлық деңгейде сындарлы және сенімді үнқатысу қалыптасты. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың былтырғы қазан айындағы Чехияға ресми сапары табысты байланыстарды үдете түсуге тың серпін беріп отыр», делінген баспасөз баянында.

Жүздесу барысында Парламент Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин Қазақстан мен Чехия парламенттерінің жоғарғы палаталары арасында тығыз қарым-қатынас орныққанын және қазақстандық сенаторлар әріптес чехиялық комитеттегі депутаттардың Астанаға келу ниетін құптайтынын жеткізді. «Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өзара іс-қимылдың бұл түрі заң шығару мәселелері жөнінде сындарлы үнқатысуды үдетуге, экономиканы жаңғырту және қоғамдық жаңару саласында тәжірибе алмасуға ықпал етеді», - дейді Т.Абайділдин.

Сондай-ақ тараптар «Қазақстан-Чехия» парламентаралық достық тобының әлеуетін барынша толық пайдалану және ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және НАТО секілді халықаралық парламентаралық ұйымдар аясында көпжақты байланыстарды дамыту жайын әңгімелесті.

Кездесу соңында Т.Абайділдин чех компанияларын Астанада өтетін Дүниежүзілік EXPO-2017 арнайы көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар