Сенаторлар Қаныш Сәтбаевтың мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді ұсынды

Депутат ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында ғалымның мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарын бекіту қажет екенін айтты.
Сенатор осы іс-шаралар жоспарын қарау және бекіту үшін мемлекеттік комиссия құруды да ұсынды.
«Ғалымның туған елі – Павлодар қаласының аэропортына «Академик Қаныш Сәтбаев» есімін беруді және алғашқы академиктің 10 томдық толық жинағы мен 5 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындау және энциклопедиясын толықтырып, жаңадан екі тілде шығаруды ұсынамыз. Қазақстандағы Сәтпаев музейлерін заманауи талаптарға сәйкес қалыпқа келтіру, Қаныш Сәтпаевтың туған жерінде мемориалдық кешен салу және бұған дейінгі депутаттық сауалда көтерілген 30 километрлік туристік жолды салуды бастау маңызды», - деді сенатор.
Сонымен қатар ол руханият жанашыры болған ғалым туралы толықметражды көркем-деректі фильм түсіруді ұсынды.
Ашық көздерден алынған фото