Сенаторлар Санкт-Петерборда ТМД ПАА-ның отырысына қатысты
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, ТМД ПАА-ның Мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі Тұрақты комиссияның мүшелері Елеусін Сағындықов және Нұрлан Сүлейменов осы комиссияның отырысына, сондай-ақ Санкт-Петерборда 24-25 қазанда болған «Еуропа және ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аймақтық және жергілікті биліктің рөлдерін көтеру жолдары» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде сенатор Е.Сағындықов жалпы ұлттық «Қазақстан - 2050» Стратегиясының жаңа міндеттерімен таныстырып, еліміздің орнықты дамуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөнінде алда тұрған жұмыстар жайында әңгімеледі.
Одан басқа, Санкт-Петербордағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Бақылау-бюджеттік комиссиясының отырысына Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ләззат Тұрлашов қатысты.