18:02, 14 Наурыз 2016 | GMT +5
Сенаторлар ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ерболат Мұқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің Ереванда өткен отырысына қатысты.

Отырысқа қатысушылар халықаралық және ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарады, Ұйымның қазіргі қызметінің бағыттарын талқылады.
Кеңес мүшелері ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының қызметін жетілдіру, бірқатар басшылық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ 2016-2020 жылдарда ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын жақындастыру және үйлестіру жөніндегі ҰҚШҰ ПА қызметінің бағдарламасына және ҰҚШҰ ПА-ның 2016 жылғы жұмысының жоспарына түзету енгізу мәселелерін қарады.