Сенаттың жалпы отырысында Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенция қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Парламенті Сенаты Бюросының отырысы өтті. Онда Бюро мүшелері Палатаның 20 наурызда болатын отырысының күн тәртібін қарады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, палата депутаттары Қазақстан мен Вьетнам арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді талқылайтын болады. Бұдан бөлек, Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) және Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы заң жобалары ұсынылып отыр. Сонымен қатар, «Азаматтық қорғау туралы» және азаматтық қорғау мәселелері бойынша ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда, заңнамаға ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қарау жоспарланады. Бюрода Мәжілісте мақұлданған заң жобаларына Сенаттың бас комитеттері белгіленді. Одан басқа, Бюрода Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапаттау мәселесі де қаралды.

Соңғы жаңалықтар