Сенегал жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Сенегал жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып, 12 адам мерт болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

қайық аударылды
Фото: Анадолы

Сенегал ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні таңертең Сенегалдың батысындағы Мбур департаментінің Жоаль-Фадиут жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып кеткен. Он екі мәйіт тез табылған. 

Күш құрылымдарындағы дереккөздер оқыс оқиғада көз жұмғандардың саны өзгеруі мүмкін екенін айтады. Апатта тірі қалған 35 адам оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жергілікті жандармерияға тапсырылды.

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:00 шамасында орын алған апаттың нақты себебі, борттағы жолаушылардың саны әлі анықталмаған.

Айта кетейік, Ливия армиясы Бас штабының бастығы мінген ұшақ Түркия аумағында апатқа ұшырады

Түркия ұшақ апатына қатысты тергеуді бастады. Ауа-райының қолайсыздығы мен жолды лай басып қалғандықтан құтқарушылар оқиға орнына жаяу жетті.

Соңғы жаңалықтар